Шекаралардан заңсыз өтуге әрекет жасаған 226 шетелдік ұсталды

Бас Штаб Басқармасы интернет парақшасы арқылы мәлімдеме жасады.

234260
Шекаралардан заңсыз өтуге әрекет жасаған 226 шетелдік ұсталды

Қауіпсіздік күштері шекаралардан заңсыз түрде өтуге әрекет жасаған 226 адамды ұстады.
Бас Штаб Басқармасы интернет парақшасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Құрлық күштері қолбасшылығына қарасты Шекара қорғау жасақтары заңсыз өтуге әрекет жасағандарды қолға түсірді.
Осыған қарағанда кеше Сирия шекарасынан елге кіруге тырысқан 193 Сирия азаматы мен Сирияға өтуге тырысқан 12 сириялықты қолға түсірді.
Ирак шекарасында болса Түркияға заңсыз жолдардан кіруге тырысқан 3 сириялық ұсталды.
Шекара қорғау жасақтары сондай-ақ Грекияға заңсыз жолмен өтуге тырысқан 9 Мьянма азаматы мен Болгарияға өтуге тырысқан 4 Мьянма және 5 Сирия азаматын да ұстады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар