Еуропа парламенті төрағасы босқын лагерінде болды

Шульц босқындарға көрсеткен көмегіне орай Түркияға алғыс білдірді.

232803
Еуропа парламенті төрағасы босқын лагерінде болды

Еуропа парламенті төрағасы Мартин Шульц террор ұйымы ИШИМ-ге қосылған еуропалық азаматтардың лагерьлерде дайындықтан өткеннен кейін лаңкестік жасау мақсатымен қайтадан елдеріне оралғандарын айтты.


Алдыңғы күні Түркияға келген Шульц сириялық босқындар тұратын Килистегі Өнджүпынар лагерін аралағаннан кейін Газиантеп әуежайында баспасөз мәслихатын өткізді.
Сириялық босқындарға жасаған көмегіне орай қатты таңғалғанын білдірген Шульц Түркияға алғыс айтты.


Түркияда және Сирия жағында түрлі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарының жалғасуы керектігін айтқан еуропалық лауазымды әсіресе білім беру саласындағы істерге назар аударды. Шульц Түркияның экономикалық дамуына да қайран болғанын, Анкараның ЕО үшін де маңызды серік екенін атап көрсетті.


Еуропа парламенті төрағасы террор ұйымы ИШИМ-ге қосылудың алдын алуда полиция мекемелері мен ақпарат күштері арасында жақын ынтымақтастық болуы керектігін айтты.
Шульцтың айтуынша Еуропаның түрік барлау ұйымы бастатқан ынтымақтастығы да жалғасуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар