Түркияда көктем маусымында қар жауды

Метеорология басқармасы жауынның апта соңына дейін жалғасатынын мәлімдеді.

232394
Түркияда көктем маусымында қар жауды

Сәуір айында көктемді күткен Түркияда қар жауды.
Кеше кешкі уақытта басталған қар ел көлемінде байқалды.
Биік жерлерде қар қалыңдығы 10-15 сантиметрге ұласып, күнделікті тіршілікке болымсыз әсерін тигізді.
Метеорология Басқармасы елдің көптеген жерінде жауындардың аптаның аяғына дейін жалғасатынын мәлімдеді.
Күн райының батыс аймақтарда 4 пен 8 градус аралығында салқындайтыны, шығыс аймақтарда болса температураның 3 пен 6 градус жылынатыны болжалады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар