ТИКА Ауғанстанда үлкен жобалар іске асырды

ТИКА басшысы Сердар Чам Ауғанстанда ТИКА салған кейбір құрылыстардың ашылу рәсіміне қатысты.

231343
ТИКА Ауғанстанда үлкен жобалар іске асырды

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА Ауғанстанда маңызды жобаларды іске асырды.
ТИКА басшысы Сердар Чам Ауғанстан сапары аясында Ауғанстан мемлекет басшысы орынбасарлары генерал Рашид Достум және Сервер Даниш тарапынан қабылданды.
Генерал Рашид Достум қабылдауда Түркияның Ауғанстандағы өркендеу жұмыстарына алғысын білдіріп, осы жәрдемдердің арттырылуын талап етті.
ТИКА басшысы Сердар Чам қабылдаудың артынан Кабул Университеті құрамында жаңа салынған Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының ашылу рәсіміне қатысты. Ашылу рәсіміне Халықаралық Хамид Карзаи әуежайының қолбасшысы генерал-лейтенант Мехмет Джахит Бакыр және жоғары деңгейлі ауған лауазымдылар да қатысты.
2006 жылынан бері оқу саласында қызмет берген Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасында 400 студент білім алады.
Сердар Чам ашылуда айтқан сөзінде ТИКА ретінде әлеуметтік инфрақұрылымдарды күшейту, оқу, денсаулық сақтау салаларынан бастап, 700-ден астам жоба жүзеге асырғандарын және осы жобалардың жалғасатынын атап көрсетті.
Белх уәлаятындағы Бахаддин Велед кесенесінің жөндеу жұмыстары да ТИКА-ның үлкен жобаларының бірі болып табылады.
Ауған әскерлерін жаттықтыру Түркияның ең маңызды жұмыстары арасында. ТИКА 1933 жылы Түркия тарапынан салынған Кабул Әскери лицейін қайта іске қосты.
Сердар Чам Әскери лицей құрамындағы ғимараттардың да ашылу рәсіміне қатысты. Лицей құрамындағы көптеген ғимарат пен инфрақұрылым ТИКА тарапынан жаңадан салынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар