Мәжіліс төрағасы Шульцты қабылдады

Екі төраға мәжілісте бас қосты.

231980
Мәжіліс төрағасы Шульцты қабылдады

Мәжіліс төрағасы Джемил Чичек ресми сапармен Түркияға келген Еуропа парламенті төрағасы Мартин Шульцты қабылдады.


Чичек Түркияның Еуроодақ мүшелік үдесі мен 1915 жылғы оқиғалары тақырыбында Шульцпен көзқарас алмасты.


Еуроодаққа мүшелік тақырыбында Чичек үдерістің қанша жалғасатынын білу керектігін, белгісіздіктің жақсы жағдай еместігін айтты.


«Келіссөзге арқау болатын тақырып жоқ. Ашылған тақырыптардың критерийі жоқ» деп наразылық білдірген мәжіліс төрағасы Еуропа парламенті төрағасы Шульцтан Түркияның мүшелігі үшін көмек сұрады.


Екі төраға мәжілісте бас қосты.


Мәжіліс төрағасы Чичектің күн тәртібінде 1915 жылғы дәйексіз армян айыптаулары да болды. 1915 жылғы оқиғалардың жан-жақты ортаға шығарылуын сұраған елдің Түркия екенін атап көрсеткен Чичек «Соғыс болса, қайғы да болады. Бірақ қайғыны түріктер де, армяндар да, күрдтер де көрді. Мұны ашатын адамдар әрине тарихшылар» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар