Эвакуацияланған азаматтар елге келеді

Оларды Түрік әуе жолдары жеткізеді.

225435
Эвакуацияланған азаматтар елге келеді

Йеменнен эвакуацияланған 55 түрік азаматы бүгін Түркияға келеді.


Теңіз күштерінің бір кемесімен Йеменнің Аден портынан Джибутиге жеткізілген түрік азаматтары осы жерден Түрік әуе жолдарының ұшағымен Стамбулға келеді.


Ұшақта Үндістанның кемесімен Джибутиге эвакуацияланған 7 Косово азаматының да бар екені хабарланды.


Түркияның Джибутидегі уақытша өкілі Исмаил Алтунал түрік азаматтарының денсаулықтарының жақсы екенін білдірді.


Бас қала Санадағы 179 түрік те елге жеткізіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар