Президент Ердоған шәйіт прокурордың үйіне барды

Румыния сапарын тоқтатып елге оралған Ердоған Кираз жанұясына көңіл айтты.

221936
Президент Ердоған шәйіт прокурордың үйіне барды

Румыния сапарын тоқтатып, Түркияға оралған президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұл Әділет сарайында шәйіт етілген прокурор Мехмет Селим Кираздың үйіне барды.
Кираз жанұясының қайғысын бөлісіп, Құран оқыған президент Ердоған «Бүгін бірлік, ынтымақтастық күні. Ұлттық ұстаным ортаға қойылатын бір күн. Осы қайғыларды бөлісуге көңіл бөлу керек» деді.
Ердоған «Біз қорқудың өзін қорқытуға тиістіміз» деді.
Президент «Елдің тыныштығын нысанаға алғандар бұл елде қалағандары көріністерді таба алмайды. Мен осыған қатты сенемін. Бұған жол бермеуіміз керек. Демек басқаша шаралар қабылдауымыз керек. Нәзік қозғалуға мәжбүрміз» деді.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу және Республикашыл халық партиясы басшысы Кемал Кылычтароғлу да шәйіт прокурор Мехмет Селим Кираздың жанұясына көңіл айтуға барды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар