Президент Ердоған Румынияда

Ердоған Стамбулдағы оқиғаға орай елге ерте оралады.

220046
Президент Ердоған Румынияда

Президент Ердоған Румынияда.


Ресми іссапармен Румынияға барған президент Режеп Тайып Ердоғанды Румыния президенті Клаус Йоханнис қарсы алды.


Екі президент алдымен оңаша кездесу өткізді, артынан ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.


Баспасөз мәслихатында Ердоған Стамбулдағы кепілдікке алу оқиғасында шәйіт болған прокурор Селим Кираздың отбасына көңіл айтты. Ердоған Түркияға оралған бойда прокурордың үйіне баратынын айтты.


Ердоған сөздерін «Демократия осында шабуылдардан жеңілетін қарапайым жүйе емес. Демократияға сенетін азаматтар осындай террористердің қарсы алдында бірлік болуы шарт» деп жалғастырды.


Осы арада президент Ердоған аталмыш оқиғаға байланысты Румыниядағы сапарын қысқартып, кешке елге оралады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар