Президент Ердоған Словакияда

Словениядағы ресми байланыстарын аяқтаған президент Ердоған Еуропа турының екінші аялдамасы Словакияға өтті.

288816
Президент Ердоған Словакияда

Братиславадағы қонақүйі алдында жүздеген түрік азаматы тарапынан қарсы алынған президент Ердоған Түркияның қазір өзгеріс кезеңін бастан кешкенін атап, президенттік жүйенің қажеттілігіне назар аударды.
Ердоған осы үшін жалпы сайлауға назар аударып, не 400 депутатпен парламентте осыған шешім қабылданатынын, не болмаса референдум арқылы халықтың таңдайтынын атап көрсетті.
10 тамыз күні президенттік сайлауда Еуропадағы азаматтардың 25 пайызының дауыс қолданғанын еске салған президент 7 маусым күні одан көп сайлаушының сандыққа бару керектігіне назар аударды.
«Түркияның күрд мәселесі жоқ» деген Ердоған бірлік пен ынтымақтастық шақыруы тастады.
Ердоған бүгінгі бағдарламасы аясында Братиславада Словакия президенті Андрей Кискамен бас қосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар