«Түркия саммитке қатысу үшін сұраныс жасамады»

Сыртқы істер министрлігі Түркияның Араб лигасы саммитіне қатысу үшін сұраныс жасағаны жайлы қауесеттерді теріске шығарды.

285943
«Түркия саммитке қатысу үшін сұраныс жасамады»

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танжу Билгич Түркияның Араб лигасы саммитіне бақылаушы ретінде қатысуды талап еткені жөніндегі хабарлардың тиянақсыз екенін және Түркияның мұндай бір сұранысы болмағанын білдірді.
Танжу Билгич Түркияның Араб лигасы саммиті жиналысына қатысуына кедергі жасалғаны жөнінде баспасөзде шыққан хабарларға қатысты бір сұраққа жауап қайтарды. Билгич «Мысыр баспасөзіне назар аударып, еліміздің 2015 жылдың 28-29 наурыз күндерінде ұйымдастырылған Араб лигасы жиналысына бақылаушы ретінде қатысуды талап еткені жөніндегі хабарлардың негізі жоқ. Түркияның мұндай бір сұранысы болмады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар