Радио тыңдауда Түркия Еуропада үшінші орында

Журналистика саласында сыйлықтар иелеріне табыс етілді.

270647
Радио тыңдауда Түркия Еуропада үшінші орында

Радио тыңдауда Түркия Еуропада үшінші орында


Вице-премьер Ялчын Акдоған Анкарада Радио Теледидар журналистері қоғамының марапат кешінде сөз сөйледі.


Технологияның арқасында медианың мүмкіндіктерінің артқанын айтқан Акдоған жетілген медиада адамның маңызын атап көрсетті.


Ялчын Акдоған «Бүгін редакторлық тәуелсіздік, баспасөз еркіндігі, баспасөз этикасы және демократ баспасөз сынды ұғымдар жөнінде айтатын болсақ, барлығын адам өте маңызды» деді.


Журналистикада теледидармен қоса радиолардың да маңызына тоқталған вице-премьер радио тыңдауда Түркияның Еуропада үшінші кезекте екенін айтты.


Рәсімге қаржы министрі Мехмет Шимшек, Жастар және спорт министрі Акиф Чағатай Кылыч және ТРТ бас директоры Шенол Гөка да қатысты.


Марапат кешінде Қазылар алқасының сыйлығы ТРТ 1 арнасында жарияланатын «7 тамаша адам» сериалына, Деректі фильм сыйлығы да ТРТ –нің «Түрік жұлдыздары» атты туындысына берілді.


Дженгиз Полаткан арнайы сыйлығын да ТРТ-нің фильм жобасы иемденді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар