Президент Ердоған Украинаға барады

Бұл туралы президенттік аппараттың баспасөз қызметі хабарлады.

273879
Президент Ердоған Украинаға барады

Президент Ердоған Украинаға барады


Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Украина жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысына байланысты 20 наурызда осы елге барады.


Бұл туралы президенттік аппараттың баспасөз қызметі хабарлады.


Хабарламаға қарағанда, екі елдің министрлері де қатысатын отырыста актуалды, екі жақты және аймақтық тақырыптар ауқымды түрде қолға алынады.


Отырыс Түркияның Украинамен стратегиялық серіктестік өресіндегі қатынастарына жаңа өріс береді.


Президент Ердоған сапары аясында Украина президенті Петро Порошенко және премьер-министрі Арсений Яценюкпен де кездеседі.


Президент сонымен бірге түрік және украин іскерлермен бас қосады. Ердоғанның Қырым татарларының Киевтегі өкілдерімен де кездесуі жоспарланып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар