Сирия ұлттық коалициясы Анкарада

Премьер-министр Давутоғлу Сирия ұлттық коалиция өкілдерімен Анкарада бас қосты.

261923
Сирия ұлттық коалициясы Анкарада

Сирия ұлттық коалициясы Анкарада


Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Сирия ұлттық коалиция өкілдерімен Анкарада бас қосты.


Давутоғлу Сирия ұлттық коалициясын Сирия халқының заңды өкілдері ретінде қабылдайтындарын айтты.


Давутоғлу Түркияның Сирия халқының қиын күндерінде қақпасын еш жаппағанын, бұдан былай да Сириядан келгендерге қақпаны еш жаппайтынын атап көрсетті. «Әркім өз дегенін айта берсін. Біз Сириядан келген жетім мен жесірлерге есігімізді жаппаймыз. Олар Алланың және тарихтың аманаты» деді ол.


Сүлейман Шах операциясында Сирия ұлттық коалициясы берген қолдауға алғыс білдірген Давутоғлу «Бұдан былай да Сүлейман Шах қабірі мен кесенесі сізге аманат, сіздер мен сіздердің жетімдері де бізге аманат» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар