Президент Ердоған бірінші рет твид жазды

Ердоғанның алғашқы твиді «Темекіні тастау күніне» арналды.

215105
Президент Ердоған бірінші рет твид жазды

Президент Ердоған бірінші рет твид жазды.


Ердоғанның алғашқы твиді «Темекіні тастау күніне» арналды.


Түркия президенті алғашқы твидінде темекіні адам денсаулығына қауіп төндіретін у деп атады және «Осы уға қарсы сен де жігерлі бол, темекіге берілме» деді.


Президент дүние жүзінде жыл сайын 6 миллион адамның темекі қолдануға байланысты қайтыс болып отырғанын еске салып былай деді: «600 мың адам темекі тартпаса да, темекінің тұманынан зардап шегеді. Дені сау ұрпақ үшін, еліміздің жарқын болашағы үшін барлық зиянды әдеттерді тұрмысымыздан шығарып тастайық» деді.


Президенттік аппараттан жасалған хабарламаға қарағанда, бұдан бұрын президенттің қайрандары тарапынан ашылған есепті енді Ердоғанның өзі қолданады.


Қазір @RT_Erdogan есебінің 6 миллионға жуық оқырманы бар.


Хабарламаға қарағанда, Түркия президенті мағыналы бір күнде твид жаза бастауды өзі таңдаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар