Мали елбасы Ибрахим Бубакар Кейта Түркияға келді

Малиден Түркияға елбасы деңгейінде тұңғыш ресми сапар жүзеге асты.

209285
Мали елбасы Ибрахим Бубакар Кейта Түркияға келді

Мали елбасы Ибрахим Бубакар Кейта президент Режеп Таип Ердоған тарапынан президенттік сарайда кеше мемлекеттік рәсіммен қарсы алынды.
Рәсімге тұңғыш рет президенттердің жұбайлары да қатысты.
Жеке және делегация аралық келіссөздердің артынан қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібі, жұмыспен қамтамасыз ету және кәсібі оқыту, қол өнері және екі жақты ынтымақтастық салаларында ортақ келісімдерге қол қойды.
Президент Ердоған ортақ баспасөз жиналысында Түркияның Малидің шекара тұтастығының аса маңызды екенін атап «Диалог кезеңі Малидің саяси бірлігі үшін де, біз үшін де маңызы үлкен. Ауқымды бір бейбітшілік келісімімен осы кезеңнің сәтті аяқталуы ең үлкен тілегіміз» деді.
Ердоған Түркия мен Мали арасындағы 40 миллион долларлық сауда көлемінің биылдың соңында 50 миллион, 2023 жылы нысаналары аясында да 500 миллион долларға жеткізуді мақсат еткендерін атап көрсетті.
Паралельді құрылыммен күреске берген қолдауы үшін Мали елбасы Кейтаға алғыс білдірген Ердоған халықаралық террормен күресте ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.
Кейта «Бүгін Түркия өсу жолындағы Африка халықтары үшін бір үміт» деді.
Президент Ердоған берген кешкі қонақ асыға қатысқан Мали елбасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Жемил Чичекпен де бас қосты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар