Президенттің баспасөз хатшысынан маңызды мәлімдеме

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын журналистердің сұрақтарына жауап берді.

200881
Президенттің баспасөз хатшысынан маңызды мәлімдеме

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын журналистердің сұрақтарына жауап берді.


Ибрахим Калын баспасөз мәслихатын өткізіп, президенттік жүйе, президенттік аппараттағы департаменттер, президенттің шетелдерге іссапары және Стамбулдағы Бейбітшілік саммиті жөнінде мағлұматтар берді.


Президенттік аппараттағы жаға департаменттерге байланысты баспасөз хатшысы «Департаменттер президентіміздің талабына бойынша құрылған механизм» деді.


Калын президент Ердоған мен премьер-министр Давутоғлу арасында толық үйлесімділік бар екендігін атап көрсетті.


Ибрахим Калын президент Ердоғанның ақпан айында Колумбия, Куба және Мексиканы қамтитын Латын Америка сапарына шығатынын білдірді.


Баспасөз хатшысы көптеген мемлекет және үкімет басшысы шақырылған, Дарданел шайқасының 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын бағдарлама жөнінде «23 сәуір күні Стамбулда бейбітшілік саммиті жоспарланып отыр. Осында бүкіл әлемге осы шайқастың ерекшеліктерін түсіндіреміз» деді.


Ибрахим Калын президент Ердоғанның «президенттік жүйе» ұсынысы туралы да сөз қозғады. Калын кейбір азаматтық ұйымдардың президенттік жүйеге байланысты зерттеулер жүргізгенін айтып, «Біз де осы жұмыстарды жақыннан бақылап отырмыз» деді.


Жаңа президенттік сарайдың жақында «кешене», «комплекс» деп атауға болатынын атап айтқан Ибрахим Калын келесі жылы конференция залы, мешіт, құрылтай орталығы мен кітапхана құрылысының аяқталуымен президенттік сарайдың толық комплекске айналатынын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар