Президент Ердоған Джибутиде баспасөзге мәлімдеме жасады

Джибутиде баспасөз жиналысына қатысқан Ердоған 'Біз Еуропаны сынап жатырмыз' деді.

196609
Президент Ердоған Джибутиде баспасөзге мәлімдеме жасады

Президент Ердоған «Біз Еуропаны сынақтан өткізудеміз, еуропалықтар мұсылман Түркия мемлекетін қабылдай ма екен?» деді.
Ердоған Джибути елбасы Исмаил Өмер Гуллемен ортақ баспасөз жиналысы өткізді.
Ердоған Ислам әлемі жағрапиясында өте маңызды бір ойын ойналғанын, осы ойынның басты тақырыбының исламофобия екенін атап айтты.
Ердоған мұның ислам дұшпандығы екенін, мұсылмандарға қарсы дұшпандық пен өркениеттер қақтығысының маңызды бір тақырыбы болғанын мәлімдеді.
Премьер-министрлік кезінде Испания премьер-министрі Запатеромен өркениеттер одағын құрып, кезкелген бір қақтығысқа жол бермеу үшін қадам басқандарын айтқан Ердоған «Дегенмен нәтижеге қарағанда Ирак басқыншылығы, Ауғанстан мен Пәкістандағы жазықсыз адамдардың өлімі, Сирияда Асад жасаған қырғындар, Мысырдағы әскери төңкеріс сияқты көптеген оқиғаға халықаралық қоғам үнсіз қарап отыр» деді.
Түркияның әлі де Еуроодақ мүшелігінде табанды екенін атап көрсеткен Ердоған мүшелік кезеңінде дауыс беру тактикасын қолданған Еуроодақты сынға алып, «Түркия алдыңызда бас иетін ел емес. Күн сайын өсіп жатқан бір мемлекет. Еуроодаққы қабылдамаған жағдайда өз бағытын өзі анықтайтын болады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар