Стамбулда БҰҰ Әйелдер аймақтық кеңсесі құрылады

Осылайша Стамбул БҰҰ-ның аймақтық орталығына айналады.

193045
Стамбулда БҰҰ Әйелдер аймақтық кеңсесі құрылады

Стамбулда БҰҰ Әйелдер аймақтық кеңсесі құрылады.


Осылайша Стамбул БҰҰ-ның аймақтық орталығына айналады.


Бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Хабарламаға қарағанда, БҰҰ әйелдер кеңсесі әйелдер мен еркектер теңдігі, әйелдің қоғамдағы мәртебесінің нығайтылуы, әйел құқықтарының жетілдірілуі сынды салаларда аймақтық жұмыстар атқарады.


Сонымен қатар, Түркия Нью-Йорктағы БҰҰ Әйелдер атқару кеңесінің мүшелік қызметін де атқарады.


БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдерге қолдау көрсету қорының Еуропа және Орталық Азия аймақтық кеңсесінің Стамбулда құрылуына 2012 жылы шешім берілген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар