«Біз үшін Асад пен ИШИМ арасында айырмашылық жоқ»

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кувейттік журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

189768
«Біз үшін Асад пен ИШИМ арасында айырмашылық жоқ»

Чавушоғлуның алғашқы жолдамасы Мысырға болды.
Түркияның принцип ретінде төңкерістерге қарсы екенін атап айтқан Чавушоғлу төңкеріс туралы адам құқықтары үшін көзқарас білдіру, «қателік» деп айтудың бір елдің ішкі істеріне араласу деген мағынаға келмегенін атап көрсетті.
Мысырда әскери төңкеріс болғаны, жүздеген адамға дарға асу жазасы берілгенін атап айтқан Чавушоғлу «Барлық осылар болып жатқанда біз үнсіз қарап отыра алмаймыз» деді.
Мевлүт Чавушоғлу Мысырдың кейбір дін қызметкерлерінің террор тізіміне алынуын Исламофобиямен күреске зиян келтіргеніне назар аударды.
Чавушоғлу «Біз батысқа Исламофобия алдында сіз де мықты тұрыңыз дейміз. Исламмен террор арасында байланыс құрмаңдар. Ал Мысыр болса кейбір шығанақ мемлекеттерімен бірге әлем құрметтеген тұлғаларды террор тізіміне алады» деді.
Кувейттік журналисттер Чавушоғлуна Түркияның шетелдік жауынгерлерге қолдау бергені жөніндегі қауесеттерді сұрады.
Түркияның ешқашан террор ұйымына қолдау бермегенін атап айтқан Сыртқы істер министрі «Біз үшін Асад пен ИШИМ арасында айырмашылық жоқ» деді және Сирия шекарасында қосымша шаралар қабылданатынын жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар