Террормен күресуде Түркия Еуропаға үлгі

Волкан Бозкыр «Еуропа террормен күресуде Түркияны үлгі алулары керек» деді.

183834
Террормен күресуде Түркия Еуропаға үлгі

Еуроодақ министрі және келіссөз жүргізуші Бозкыр террормен күресу жөнінде Еуропа Одағына үндеу тастады.
Түркияны үлгі алулары туралы Еуропаға үндеу тастаған Бозкыр «Күрес жүргізуде негізгі құқық пен еркіндіктерді шектеп емес, біздің істегеніміз сияқты өмір сүру мүмкіндігін бере отырып жүзеге асыру керек» деді.
Бозкыр әлемде террормен күресуді ең көп жүргізген елдің Түркия екенін, сондай-ақ осы себептен Еуропаның террормен күресуде Түркияны үлгі алулары қажеттігін білдірді.
«Негізгі құқық пен еріктерімізді тіпті дамыттық» деген Бозкыр «Заңдарымызды өзгерттік, реформалар жасадық. Шешім процесі арқылы террормен күресуде маңызды қадам бастық. Еуропа Одағы ішінде радикализм, исламофобия бар болса онда оған шешім табу үшін Түркиямен серіктестік жасаулары керек» деген сөздер қолданды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар