Ердоған батыс елдерін сынады

Батыс елдері басшыларын мешіттерге жасалған шабуылдардың алдын алуға шақырды.

183354
Ердоған батыс елдерін сынады

Ердоған батыс елдеріне үн қатты: «Мешіттерге жасалған шабуылдарға қарсы шара қолданыңыз» деді. 


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған батыс елдерінің террорге қарсы екі жүзді екенін айтты.


Мұсылман және бейбітшілік дін ұстанған адам ретінде лаңкестікті террор деп қабылдайтындарын атап көрсеткен Ердоған террор терактілерінің барлығына қарсы екендерін білдірді.


Ердоған батыс елдеріне де үн қатты. «Мешіттерге жасалған шабуылдарға ел басшылары ретінде шара қолданылсын» деді ол.


Террор терактілерінің бір жоспар шеңберінде жүргізілгенін атап көрсеткен Ердоған «Стамбулға дейін келіп, полиция қызметкерін шәйіт қылғандар, Долмабахчеде шабуыл жасағандар сценарийдің бір бөлшегі. Ислам әлеміне ойын ойнап отыр бұлар» деді.


Президент артынан Палестина мемлекет басшысы Махмұт Аббасқа қонағасы берді. Қонағасыда жақында түрік азаматтығына қабылданған сириялық бала пианист Тамби Асад да пианинода ойнады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар