Түркия террорға қарсы Францияның қасында

Давутоғлұ «Түркия болып террорға қарсы күресуде қастарыңда боламыз» деді.

181870
Түркия террорға қарсы Францияның қасында

Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ кеше Францияның астанасы Парижде ұйымдастырылған ең үлкен шеруге қатысты. Давутоғлұ ««Түркия болып террорға қарсы күресуде қастарында боламыз» деді.
Премьер-министр Давутоғлұның алғашқы аялдамасы Елисей Сарайы болды. Сарайдың кіре берісінде Франция президенті Франсуа Олланд тарапынан қарсы алынған Давутоғлұ кездесуден кейін үй иесі және басқа елдің лидерлерімен бірге шеруге қатысты.
Премьер-министр Давутоғлұ Голландиямен қатар Германия, Ұлыбритания, Италия премьер-министрлері, Иордания королы Абдуллах, Палестина лидері Махмұд Аббаспен бірге алдыңғы қатарды жүрді.
Давутоғлұ шеруден кейін жасаған мәлімдемесінде «Түркияның бұрын террордан көп зардап шеккен бір ел ретінде бұдан кейін де әлемнің қай жерінде болса болсын террор әрекеттеріне қарсы жалғасты күресеміз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар