Ердоған Олландқа телефон шалды

Екі басшы Франциядағы соңғы оқиғаларды әңгімеледі.

179946
Ердоған Олландқа телефон шалды

Президент Режеп Таип Ердоған Францияға көңіл айтты.


Президент Режеп Таип Ердоған Франция президенті Франсуа Олландқа телефон шалып, Париждегі террорлық лаңкестікке орай көңіл айтты.


Елбасылығы хабар көздерінің білдіруіне қарағанда президент Ердоғантелефондағы әңгімеде Түркияның Франциямен ұйымшылдық ішінде екені білдіріліп, терроризмен күрес тақырыбында әрқандай ынтымақтастыққа ашық екенін дәріптеген.


Аталмыш шабуылдардың террормен күрестегі бекімдікті күшейту керектігін айқындағанын білдірген президент Ердоған Париждегі шабуылда қаза тапқандардың жанұясындағылар мен жақындарына және Франция халқына көңіл айтты.


Франция президенті Франсуа Олланд та Ердоғанға сезімталдығына орай рақмет айтты және «Түркияның қасымызда екенін білеміз» деді.


Террористер Исламға байланысты Францияда былықпалық жаратып, қоғамдық тыныштықты бүлдіруді мақсат еткеніне тоқталған Олланд алайда мұндай ойынды бұзатындарын айтты.


Франция президенті Франсуа Олланд террормен күрестегі ынтымақтастық күшейтуге байланысты Түркиямен ортақ көзқараста екендерін атап өтті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар