Қорғаныс өнеркәсібі атқару кеңесі жиналысы Анкарада өтті

Премьер-министр Давутоғлу Қорғаныс өнеркәсібі атқару кеңесі жиналысына тұңғыш рет басшылық жасады.

177083
Қорғаныс өнеркәсібі атқару кеңесі жиналысы Анкарада өтті

Анкарада өткен жиналыста Ұлттық жойғыш ұшақ жобасында алдын ала жобалау сатысына өту туралы шешім қабылданды.
Премьер-министр Давутоғлу 4 жылдың ішінде алдын ала жобалау сатысын аяқтап, нысаналарының 2023 жылы ұлттық жойғыш ұшақтың алғашқы моделін өндіру екенін айтты.
Давутоғлу араларында Түркияда бар Ортақ жойғыш ұшағы JSF жобасымен байланысты да 2030 жылына дейін 100 дана ұшақты қамтамасыз етудің жоспарланғанын мұның алдында екеу ұшаққа тапсырыс берілгенін атап, қазір де 4 ұшаққа тапсырыс беруге шешім қабылдағандарын атап көрсетті.
Ұлттық автомат қаруы MPT-76-ның өндіріле бастайтынын сүйіншілеген Давутоғлу мемлекет пен жекеменшік саланың ынтымақтастығымен алғашқы сатыда 35 мың автомат қару өндірілетінін білдірді.
Премьер-министр сондай-ақ Жоғары биіктіктегі әуе және зымыран қорғаныс жобасы тендерінде фирмалармен келіссөздердің тағы алты айға созылғанын атап айтты.
Премьер-министр Давутоғлу сәуір айында Қорғаныс өнеркәсібі Жоғары координация кеңесі жиналысы өткізетінін де жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар