«Жаңа Түркия жолында»

Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ «Жаңа Түркия жолында» баяндамасын жариялады.

167024
«Жаңа Түркия жолында»

Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ жылдың соңғы «Жаңа Түркия жолында» баяндамасын кеше кеште жариялады.

Премьер-министр Дауытоғлұ «Жаңа Түркия жолында» баяндамасында «Ұлттық жігер» және «Параллель құрылыммен күрес» тақырыбын басты орынға шығарды.


2013 жылы желтоқсан айында түрік демократиясының болашағына байланысты күңгірт ойда болғандар бар екенін білдірген Дауытоғлұ ұлттан ала алмаған заңдылықпен егемендік құруға талпынғандардың елімізде тыныс ала алмайтынын атап өтті.


Шешім процесін табандылықпен жалғастыратындарын дәріптеген Дауытоғлұ «Мемлекеттік тәртіпке қайшылық жасалса, жауабы беріледі» деді.


Алеви бастамасына байланысты мәлімдеме жасаған Дауытоғлұ түрліше бөлшектеулерге қарсы тұғырлары берік екенін айтты.


Экономикалық дамуға тоқталған Премьер-министр Дауытоғлұ 12 жылда мол табыстарға жеткендерін еске салды, мұның жалғасатынын айтты.


Премьер-министр Дауытоғлұ 2015 жылдың 2023 жылға жол салатынын атап өтті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар