Түркия Ирактағы қанды шабуылды айыптады

Кеше Ирактың астанасы Бағдатта бомбалы шабуыл жасалды.

159602
Түркия Ирактағы қанды шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі Ирактың астанасы Бағдатта кеше ұйымдастырылған және шамамен 50 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алған бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптады.
Министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Ирактың тұрақтылығы, Ирак халқының бірлік пен тұтастығын нысанаға алған осы қанды шабуылды қатаң түрде айыптаймыз. Қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын, туысқандарына сабыр және жараланғандарға шипа тілейміз» делінді.
Мәлімдемеде Түркияның террормен күрес аясында дос және бауырлас Ирак үкіметі мен халқына берген қолдаудың да жалғасатыны атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар