«Ақпараттық технология алқабы» жобасы жалғасуда

Министр Ышык Ақпараттық технологиялар алқабы құрылысын аралады.

149290
«Ақпараттық технология алқабы» жобасы жалғасуда

Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышык Кожаели қаласында құрылыс жұмыстары жалғасқан «Ақпараттық технология алқабы» жобасы арқылы Түркияда ақпарат пен коммуникациялық технологиялар саласында маңызды нысаналары бар екенін мәлімдеді.
Министр Ышык Кожаелинің Гебзе ауданында салынып жатқан Ақпараттық технологиялар алқабы құрылысын аралады.
Түркияның ақпарат алқабының АҚШ-тағы "Силикон Алқабы" сияқты маңызды қызмет атқаруын үміт еткендерін айтқан Ышык жобаны қысқа уақытта іске қосуды жоспарлағандарын білдірді.
Министр Фикри Ышык Түркияның өз жер серігін жасайтын әлемнің санаулы мемлекеттерінің бірі болуға дайындалғанын да атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар