Қызылай Эрбильге жәрдем беруде

Түркия Иракқа көптеген жәрдем берді.

145877
Қызылай Эрбильге жәрдем беруде

Түрік Қызылайы Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің Эрбиль қаласындағы Бахирка шатыр лагерінде қиын жағдайда қалған 600 отбасына гуманитарлық жәрдем берді.
Түрік Қызылайы Ирак гуманитарлық жәрдем жөніндегі басшысы Шафак Лостар «Қызылайдың 6 айдан бері Иракта жасаған гуманитарлық жәрдем жұмыстары аясында Бахирка шатыр лагерінде қиын жағдайға душар болған 600 отбасына азық-түлік, киім-кешек тазалық бұйымдарынан құралған жәрдем пакетін тараттық» деді.
Ирак түрікмен шебі депутаты Айдын Маруф та Қызылай тобымен бірге лагерде өмір сүрген түрікмен, күрд, шахбек, езиды, араб және какави отбастарына гуманитарлық жәрдем жасағандарын айтты.
Түрік халқының соғыс басталғаннан бері Ирак халқының қасында болғанын білдірген Маруф «Түркия қиын күндерде бауырластығын көрсетті. Осы таңға дейін Түркиядан Иракқа көптеген жәрдем жасалды» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар