Түркия Иранның Сана елшілігіне жасалған шабуылды айыптады

Түркия Сыртқы істер министрлігінен айыптау туралы жазбаша мәлімдеме жасалды.

136791
Түркия Иранның Сана елшілігіне жасалған шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Иранның Сана өкілетті елшілігі ғимараты алдында ұйымдастырылған бомбалы шабуылды айыптаймыз. Шабуылда қаза тапқандарға қайғырамыз» делінді.
Мәлімдемеде сондай-ақ Йеменде бейбітшілік, келіссөз және қауіпсіздіктің тез арада орнатылуы тілегі де жеткізілді.
Қақтығыстар айлардан бері жалғасқан Йемендегі елшілік шабуылында 1 адам қаза тапса, 17 адам жараланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар