Түркия Нигериядағы бомбалы шабуылды айыптады

Түркия Нигериядағы мешіт шабуылын қатаң түрде айыптағанын мәлімдеді.

209978
Түркия Нигериядағы бомбалы шабуылды айыптады

Түркия Нигерияның солтүстік шығысындағы бір мешітке жасалған және 100-ден астам адам қаза тапқан лаңкестік шабуылды қатаң түрде айыптады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Нигерияның Кано уәлаятындағы Орталық мешітінде жұма намазы кезіндегі жарылыстар мен мешіттегі халыққа оқ жаудыру нәтижесінде 100-ден астам адамның қаза тапқанын, қайғымен үйренгенін атап көрсетті.
«Ғибадатханаларға жасалған шабуыл ешқандай қабылданбайды. Осы қанды лаңкестік шабуылды қатаң түрде айыптаймыз» делінген мәлімдемеде осы қиын кезеңде халықаралық қоғаммен ынтымақтастық ішінде Нигерия мемлекетіне және халқына қолдаудың жалғасатыны тағы бір рет атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар