Папаның Түркия сапары

Папа жаңа президенттік сарайда қабылданатын алғашқы шетелдік қонақ болады.

208207
Папаның Түркия сапары

Католик христиандардың рухани басшысы және Ватикан басқарушысы Папа Францисктің Түркия сапары бүгін басталады.


69 адамдық делегациямен бүгін түскі мезгілде Анкарада болатын Папа Франциск алдымен Анытқабірге барады.


Папаны президент Режеп Тайып Ердоған президенттік сарайды ресми түрде қарсы алады. Жаңа президенттік сарайда қабылданатын алғашқы шетелдік қонақ болатын Папаны атты жасақ қарсы алады.


Президенттік сарайынан кейін премьер-министрлік және Дін істері басқармасына да баратын Папа түнде Ватикан өкілетті елшілігінде қонады.


Ертең Стамбулға өтетін Папа осында Стамбул әкімі, жергілікті басшылар және Фенер Понти патриархы Барталамеоспен бас қосады.


Аясофия, Сұлтанахмет мешіті де баратын шетелдік қонақ Харбие ауданындағы Сан Есприт шіркеуінде діни жиын ұйымдастырады.


Папаның екі күндік сапарының проблемасын өтуі үшін болса қауіпсіздік шаралары арттырылды. Анкарада 2 мың 700 полиция, Стамбулда болса 5 мың полиция қызметкері әуе, құрлық және теңізден бақылау жүргізеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар