Президент Ердоған БҰҰ-на бағытталған сындарын жалғастырды

"БҰҰ тұрақты мүшелері құрамында ешбір мұсылман мемлекет жоқ".

207689
Президент Ердоған БҰҰ-на бағытталған сындарын жалғастырды

Стамбұлда Ислам Конференциясы ұйымы Экономикалық және Сауда ынтымақтастығы тұрақты комитеті (ISEDAK)-тың ашылуында сөз алған президент Ердоған БҰҰ-ның ауқымды бір реформаға мұқтаж екенін қайталады.
Ердоған «Өкінішке орай әлем бестікке берілген, әлемді осы мәжбүрлеуден құтқару керек» деді.
БҰҰ-ның әлемнің жан-жағындағы мәселелерге шешім таппағанын атап айтқан Ердоған «Қазірге дейін БҰҰ болып жатқандар үшін бір шешім тапты ма екен? БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қарағанда осы құрылымда әділет бар ма? Бір тұрақты мүшенің қабылдамауы бүкіл кезеңді тоқтатуға жетеді» деді.
БҰҰ-ның вето құқы бар 5 мүше мемлекет құрамында ешбір мұсылман мемлекет жоқ екеніне назар аударған Ердоған «Әділеті жоқ құрылым әлемге жақсылық әкеле ме? Уақытша мүшеліктердің ешқандай мағынасы жоқ. Осында әділет күтуге болмайды» деп нарзылығын білдірді.
«БҰҰ Жалпы Кеңесінде де айтқан болатынмын. Әлем 5-тен үлкен. Дегенмен өкінішке орай бестікке мәжбүрленген» деген президент Ердоған «Әлем бестікке берілген, әлемді осы мәжбүрлеуден құтқару керек. Шын мағынада бір реформа қажеттілігі бар» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар