Президент Ердоған Экваторлық Гвинеяда...

Ердоған саммитке қатысады.

200042
Президент Ердоған Экваторлық Гвинеяда...

Президент Ердоған Экваторлық Гвинеяда.


Алжирдегі байланыстарын аяқтаған президент Режеп Тайып Ердоған 2-ші Түркия-Африка Серіктестік саммитіне қатысу мақсатымен кеше Экваторлық Гвинеяға өтті.


Ердоғанды әуежайында Экваторлық Гвинея мемлекет басшысы Теодоро Обианг Нгема Мбасого қарсы алды.


Қарсы алу рәсімі керемет көріністерге сахна болды. Жергілікті халықтың биі назар аударды.


Қарсы алу рәсімінен кейін президент Ердоған бір түрік компаниясы салып жатқан сауда орталығын аралады. Құрылыс жөнінде мәлімет алған Ердоған жұмысшылармен де әңгімелесті.


Ердоғанның келесі адресі болса Түркия-Африка Серіктестік саммиті өтетін конференция залы болды. Экваторлық Гвинея мемлекет басшысымен бас қосқан президент Ердоған екі жақты кездесулер өткізді.


Ресми кешкі қонағасыға қатысқан Ердоған саммитке келген басшылармен сұхбаттасты.


Президент Ердоғанға сапарында вице-премьер Нуман Куртулмуш, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмаз бен Егіншілік, азық-түлік және мал шаруашылығы министрі Мехди Экер серік болуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар