48 мың шетелдік тәлімгер Түркияда білім алуда

Түрікменстан және Әзірбайжан алғашқы екі орында.

194385
48 мың шетелдік тәлімгер Түркияда білім алуда

48 мың шетелдік тәлімгер Түркияда білім алуда.


Әлемнің түрлі жерлеріндегі 191 елден 48 мың тәлімгер бакалавр, магистр және докторантура білімін Түркияда алуда.


Түркияға келген шетелдік тәлімгерлер 157 мемлекеттік және қор университеттерінде оқуда.


Жоғары оқу мекемесінің деректеріне қарағанда, Түркияда 2013-2014 оқу жылында 13 мың 196-сы жаңа, 33 мың 431-і еркек, 14 мың 752-сі қыз, барлығы 48 мың 183 шетелдік тәлімгер білім алуда.


Америка Құрама Штаттарынан 246, Ресейден 825, Қытайдан 691, Германиядан 396, Ұлыбританиядан 85, Франциядан 44, Жапониядан 28 тәлімгер Түркиядағы түрлі университеттерде оқуда.


Түркияда жоғары білім алуды таңдаған елдер тізімінде Түрікменстан және Әзірбайжан алғашқы екі орында.

Түрікменстаннан 6 мың 945, Әзірбайжаннан 6 мың 906, Ираннан 4 мың 342, Ауғанстаннан 2 мың 333, Сириядан мың 784, Грекиядан мың 500 тәлімгер Түркияда оқуды таңдаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар