Диярбакыр депутаты Оя Эронат Түркия үні радиосының қонағы болды

Эронат террорды жою үшін бастаған шешім үдерісін бағаландырды.

182774
Диярбакыр депутаты Оя Эронат Түркия үні радиосының қонағы болды

Әділет және өркендеу партиясының Диярбакыр депутаты Оя Эронат халық арқау болмаған ешбір қозғалыстың табысқа жетпейтінін айтты.


Эронат «Халық бүгін шешім үдерісіне қолдау бергені үшін осы кезең табысқа жетеді» деді.
Эронат Түркияның үні радиосының «Жаңа күн» атты бағдарламасына қатысып, шешім үдерісімен байланысты мәлімдемелер жасады.
Шешім үдерісінің табысқа жеткенін атап айтқан Эронат осыдан кейінгі жол картасының да белгіленгенін атап көрсетті.
Эронат «Біз 6 баптан тұратын бір заң жобасымен Мәжілісте осыны талқыладық және мәжілістен өтті. ‘Бұдан кейінгі жол картасын үкімет анықтайды’ деп заң жобасына бап енгіздік. Шешім үдерісі кезеңі жалғасуда және бұлар халықтың сұранысымен атқарылатын жұмыстар» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар