Республика мерекесі салтанатты түрде тойланды

Түркия Республикасы құрылғандығының 91 жылдығы ел көлемінде ұйымдастырылған іс-шаралармен тойланды.

174568
Республика мерекесі салтанатты түрде тойланды


29 қазанТүркия Республикасы мерекесіне орай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында және шетелдегі елшіліктерде рәсім ұйымдастырылды.
Республика мерекесі Солтүстік Кипр Түрік Республикасында салтанатты түрде тойланды.
Рәсімге елбасы Дервиш Ероғлұ, Мәжіліс төрайымы Сибел Сибер, Бас министр Өзкан Йорганжыоғлұ, бұрынғы елбасы Мехмет Али Талат, Түркияның Никозия өкілетті және төтенше елшісі Халил Ибраихим Акча, әскери лауазымдылар мен саяси партия лидерлері қатысты.
29 қазан Түркия Республика мерекесі Әзірбайжан астанасы Баку қаласында да мерәсімдермен тойланды.
Бакудегі алғашқы мерәсім Түрік шәйіттігінде өткізілді.
Түркияның Бакудегі өкілетті елшісі Алпер Жошкун Түрік шәйіттігіне гүл шоғын қойды.
Құрмет көрсетілгеннен кейін екі елдің ұлттық ән ұрандары айтылды. Артынан елші Жошкун шәйіттік естелік кітабына қол таңба басты.
Түрік шәйіттігіндегі символдық кабірлерге қалампыр гүлі қойылды.
Мерәсімнен кейін Әзірбайжан шәйіттігіне де зиярат жасалды.
Республика мерекесіне орай Түрікменстанның астанасы Ашхабадтағы түрік мектебінде іс-шаралар өткізілді.
Австралия парламенті ғимаратында Республика мерекесіне орай ұйымдастырылған қонақасына осы елде өмір сүрген түрік азаматтарымен қатар австриялық лауазымдылар қатысты.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри, елбасы Барак Обама АҚШ халқы атынан түрік халқының мерекесін құттықтады.
Швейцарияның Лозанна қаласында Республика мерекесіне орай музыка концерт берілді.
Бельгияның астанасы Брюссельде ұйымдастырылған іс-шарада елбасы Ердоғанның құттықтауын оқыды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар