Түркия Иракта құрылған жаңа үкіметке табыс тіледі

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирак үкіметіне қолдаудың жалғасатыны білдірілді.

163587
Түркия Иракта құрылған жаңа үкіметке табыс тіледі

Түркия Ирак үкіметінде Қорғаныс және Ішкі істер министрлеріне қоса, басқа министрліктердің тағайындалумен құрылған жаңа кабинетке табыс тіледі.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади басшылығында құрылған үкіметте қорғаныс және ішкі істер министрлеріне қоса басқа да министрліктерге 18 қазан күні тағайындаулар жасалғаны еске салынды.
Мәлімдемеде тағайындаулар себепті ризашылық білдірілді.
Мәлімдемеде тағайындаулардың Ирактың ISIS шабуылдарымен пайда болған террор қаупінен құтылуына қоса, жаңа үкіметтің осы қауіпті туғызған және қолдау табуына себеп болған шарттарды жою жолында қажетті қадамдарды басуын жеңілдететіні атап көрсетілді.
Мәлімдемеде «Түркия Ирак бетпе-бет қалған террор және террор қаупімен күресінде Ирак үкіметін мен халқына әрқашан қолдау береді» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар