Премьер-министрдің Сирия шешімі ұсынысы

«Сирия халқы ISIS пен режимге қарсы өздерін қорғайтын бір қауіпсіздік күшіне мұқтаж».

154240
Премьер-министрдің Сирия шешімі ұсынысы

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу «Сирия халқы ISIS пен режимге қарсы өздерін қорғайтын бір қауіпсіздік күшіне мұқтаж» деді.

Давутоғлу Малатья қаласынан Анкараға оралған кезде ұшақта журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.
Сирияда шешім мен ISIS-пен күрес үшін таңдаулы 3 жол бар екенін айтқан премьер-министр күрестің «құрлық күші құрамында халықаралық қоғамның бірге қозғалуы», «әуе күшімен бомбалау» және «әуе күшінің қолдауымен басқа бір күштің билік құруын қамтамасыз ету» арқылы жүргізілетінін атап көрсетті.
Құрамында шетелдік ешбір сарбазы жоқ және режимді жақтамаған сириялықтардан құралған «Үшінші күш» ықтималын алға шығарған Давутоғлу Сирия Ұлттық коалициясының осы ерекшеліктерге ие екенін айтты.
Премьер-министр Түркияның интеграциялық бір қозғалыс болған жағдайда әр түрлі қолдауды беретінін атап көрсетті.
Түркияның жалғыз өзінің Сириядағы қақтығыстарға араласпайтынын қайталаған Ахмет Давутоғлу ұлттық қауіпсіздікке төнген бір қауіп алдында болса әртүрлі шараны қолданатынын да білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар