Ердоған Путинмен телефонмен әңгімелесті

Басшылар екі ел арасында өтетін Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі жиналысын бағаландырды.

153662
Ердоған Путинмен телефонмен әңгімелесті

Президент Режеп Таип Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен кеше телефонда әңгімелесті.

Президенттік ақпарат көздеріне қарағанда әңгіме барысында екі жақты ынтымақтастықтың бағаландыруына қоса кейбір халықаралық мәселелерге де назар аударылды.
Екі жақсы ынтымақтастықтың ең маңызды механизмдерінің бірі ретінде Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі жиналысымен байланысты дайындық жұмыстары қолға алынған әңгімеде аталмыш жиналыстың жылдың аяғына қарай жүзеге асырылуы тақырыбында ортақ көзқарасқа келінді.
Президент Ердоғанның телефон әңгімесі барысында Түркияның ПКК және ISIS сияқты лаңкестік ұйымдармен күрескен бір ел ретінде террордың әр түріне қарсы екеніне назар аударып, 5 қазан күні Грозныйдағы лаңкестік шабуылдарға қаза тапқандар үшін Путинге көңіл айтқаны да білдірілді.
Ердоғанның Путинге Қырымдағы Татар түріктері шеккен зардапты да еске салғаны атап көрсетілді.
Ердоғанның қырымдық түріктердің уайымдарын жою үшін қажетті назардың аударылу керектігіне тоқталғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар