Чавушоғлу Нью-Йоркта бірқатар кездесу жүргізді

Сыртқы істер министрі орыс әріптесі Лавровпен де кездесу өткізді.

141197
Чавушоғлу Нью-Йоркта бірқатар кездесу жүргізді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Нью-Йоркта бірқатар кездесу жүргізді.


Чавушоғлу Финляндия Сыртқы істер министрі Эркки Туомиоямен бірге БҰҰ Бітімгерлік достар тобы жиналысына тең төраға болды. Жиналыста Украина мен оңтүстік Судандағы оқиғалар қолға алынды.


Чавушоғлу артынан өткізілген баспасөз мәслихатында 2010 жылдан бері Финляндиямен басталған бітімгерлік істері арқылы бейбітшілік инициативасының артқанын білдірді. Сириядағы ахуалдың нашарлап бара жатқанын білдірген Чавушоғлу әкімшіліктің 200 мыңнан астам адамды өлтіргенін және Ирак Шам Ислам мемлекеті лаңкестік ұйымының да аймақтың тұрақсыздануына әскер еткенін атап көрсетті.


Ирактағы саяси жағдайға риза болғандарын білдірген түрік сыртқы істер министрі мәселелерге ауқымды түрде қарайтын үкіметті қолдайтындарын айтты.
Чавушоғлу айырықша аймақта террор тақырыбында ауқымды бағдарламиа керектігін атап көрсетті. Мевлүт Чавушоғлу артынан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейресми жиналысына қатысты.


Чавушоғлу Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен де кездесті. Кездесуде Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі өтетін күн, Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүшелігі үшін қолдау талабы, Украина тақырыбы мен әсіресе Украинада өмір сүретін Қырым татарларының ахуалы мен Қырым татарларына қойылған тыйым тақырыптары қолға алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар