Чавушоғлұ Нью-Йоркта

Чавушоғлұ Нью-Йоркта кездесулерін жалғастыруда.

139961
Чавушоғлұ Нью-Йоркта

Сыртқы істер министрі Мәвлүт ЧавушоғлұНью-Йоркта кездесулерін жалғастыруда.
Чавушоғлұ осы аяда Грекия премьер-министр орынбасары және Сыртқы істер министрі Венизелоспен кездесті.
Кездесуде екі ел арасында Жоғарғы деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің жұмыстары қолға алынды.
Сонымен қатар екі арасында қате түсініктер болмау үшін дипломатиялық қарым-қатынастардың қою болуы жайлы келісті.
Кипр мәселесінің шешімі үшін екі тараптың да болымды үлес қосу керектігі жөнінде де бірдей көзқараста болды.
Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Нью-Йорк сапары шеңберінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның басшылығында ұйымдастырылған Ливия тақырыбындағы жиналысқа да қатысты.
Чавушоғлұ Түркияның Ливиядағы өтпелі кезеңіне қолдауын жалғастыратынын баяндады. Сыртқы істер министрі атысты тоқтату жөнінде үндеу тастап, БҰҰ-ның Ливия өкілінің дәнекерлік талпыныстарына қолдау беретінін айтты.
Чавушоғлұ сонымен қатар Вьетнам, Малайзия, Папуа және Мьянма сыртқы істер министрлерімен кездесіп, Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі үміткерлігіне қолдау сұрады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар