Ердоған Пан Ги Мунмен кездесті

Президент Ердоған сыртқы байланыстар кеңесінде баяндама оқыды.

135219
Ердоған Пан Ги Мунмен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы бас ассамблеясына қатысу мақсатымен Нью-Йоркта.


Кездесулерін кеше бастаған президент Ердоған алдымен Америка Құрама Штаттарының алдыңғы қатарлы ұйымдарының бірі Сыртқы байланыстар кеңсесінде баяндама оқыды.


Баяндамасында аймақтық және жаһандық оқиғаларға баға берген Ердоған Түркияның тарих тағылымы мен терең тәжірибесі арқылы аймақтық және жаһандық бейбітшілікке үлес қосуды жалғастыратынын айтты.

Ердоған «Түркия сыртқы саясаты әдеттегідей бейбітшілік, ұйымшылдық, халықаралық құқық және әділет негізінде жүргізіледі. Демократиялық стандарттарымен Түркия аймақтық және жаһандық бейбітшілік үшін табысты өнеге болады» деді.


Ердоған артынан БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.


Кездесуде террормен күрес, сириялық босқындар, ұшуға тыйым салынған аймақ, Кипр проблемасы, Газа, Украина, Сомалиге гуманитарлық көмек, өркениеттер альянсы, климат өзгерісі, эбола безгегі сынды мәселелер қолға алынды.


БҰҰ Бас хатшысы Пан Мосулда кепілге алынған түрік азаматтарының аман-есен құтқарылуына байланысты Түркияны құттықтады.


Президент Ердоған да террормен күрес тақырыбында Ирак пен Сирияның бір іс-әрекет алаңы ретінде бағаландырылуы керектігін білдірді, террор ұйымдары нәр алған қайнар көздерді құрту бағытында қадам басылуы керектігін атап көрсетті.


Осы арада БҰҰ 69-шы сессиясына орай президент Ердоған Түрік үйінде қонағасы берді. Сол күні кешке марқұм іскер Ахмет Ертегүннің жұбайы Мика Ертегүн президент Ердоған және жұбайы Емине Ердоғанның құрметіне қонағасы берді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар