Президент Ердоған Нью-Йоркта

Президент Ердоғанды Нью-Йоркта маңызды кездесулер күтіп тұр.

134802
Президент Ердоған Нью-Йоркта

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Бас ассамблеясы отырыстарына қатысу мақсатымен Нью-Йоркта.


Президент Ердоғанды Нью-Йоркта маңызды кездесулер күтіп тұр.


Президентке кездесулерінде Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр, Қоршаған орта және қала министрі Идрис Гүллүдже мен Экономика министрі Нихат Зейбекчи серік болуда.


Президент Ердоған Нью-Йоркқа барып, әрі БҰҰ бас ассамблеясының сессиялары туралы, әрі Мэрилендте құрылысы жалғасып жатқан Түрікүйі жөнінде мағлұмат алды.


Президент Ердоған алғашқы күні кездесулері шеңберінде Әлемдік еврей құрылтайы делегациясын қабылдайды және Америка Құрама Штаттарының алдыңғы қатарлы ұйымдарының бірі Сыртқы байланыстар кеңесінде бір баяндама оқиды.


Президент баяндамасында аймақтағы көкейкесті мәселелерге назар аударады.


Артынан БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен бас қосатын Ердоған Түрікүйінде қонағасы береді.


Президент айырықша түрік мемлекеттік қайраткерлер мен Американың мемлекеттік қайраткерлері арасындағы байланысты құрған, әлемнің танымал музыка продюссерлерінің бірі Ахмет Ертегүннің жұбайы Мика Ертегүн тарапынан берілетін кешкі қонағасына қатысады.

 

Президент Ердоған 23 қыркүйек сейсенбі күні болса Біріккен Ұлттар Ұйымы Климат саммитіне қатысады және отырыстың беташар баяндамасын оқиды.


Ердоған екі жақты кездесулер шеңберінде Иран президенті Хасан Руханимен де жүздеседі.


Президент Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обамамен де қонақ басшылар құрметіне берілетін қонағасыда бас қосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар