Еуропа Одағы министрі Страсбургте

Еуропа Одағы министрі және Бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр Страсбургте бір қатар кездесулер өткізеді

128208
Еуропа Одағы министрі Страсбургте

Еуропа Одағы министрі және Бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр қазан айында жарияланатын ілгерілеу рапорты алдында Францияның Страсбург қаласына барды.
Бозкырдың кездесулері барысында Түркияның Еуропа Одағы мүшелігі тақырыбындағы тұрақтылығын баса айтуы күтіледі.
Волкан Бозкыр алдымен Еуропа парламенті мүшесі Эрнест Марагаллмен бас қосады.
Еуропа парламенті төрағасы Мартин Шульзбен де кездесетін Бозкыр Страсбургтағы ресми байланыстарының артынан ертең Еуропа Одағының астанасы Брюссельге өтеді.
Бозкыр осында болса бельгиялық әріптесі Дидьэ Рейндерс және Еуроодақтың даму мен көршілік саясатына жауапты мүшесі Штефан Фуледен бастап бір қатар лауазымдымен бас қосады.
Бозкырдың байланыстарын аяқтаған соң жұма күні елге оралуы күтіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар