Президент Режеп Таип Ердоғанның Катардағы байланыстары жалғасуда

Катар сапарының күн тәртібін Сирия мен Ирактағы жаңалықтар және энергия тақырыбы құрайды

126550
Президент Режеп Таип Ердоғанның Катардағы байланыстары жалғасуда

Президент Режеп Таип Ердоған зияратының екінші күнінде Катар Әмірі Шейх Темим бин Хамед Ал-Сани тарапынан ресми мерәсіммен қарсы алынды.
Әмірлік диванындағы ресми қарсы мерәсімінде екі ел әнұрандарының орындалуының артынан президент Ердоған мен Катар Әмірі әскери мерәсім тобын сәлемдеді.
Екі басшының жеке кездесуінің артынан делегация аралық кездесулер жүзеге асты. Катар әмірі президент Ердоған үшін түскі қонақасы берді.
Кездесулерде Сирия мен Ирактағы жаңалықтар, екі жақты ынтымақтастық және энергия ынтымақтастығы тақырыптары қолға алынады.
Сапар аясында 1,2 миллиард текше метрлік табиғи газ келісімі де күн тәртібінде.
Анкара осы келісімге сұраныс көздерінің түрлендірілуі тұрғысынан үлкен мән береді.
Президент Ердоған кездесулердің артынан Анкараға оралады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар