Мәжіліс кезектен тыс жиналады

Барлығы 148 баптан тұратын заң жобасының 126 бабы қабылданған болатын.

118029
Мәжіліс кезектен тыс жиналады

Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі топтық заң жобасы үшін бүгін кезектен тыс бас қосады.

Барлығы 148 баптан тұратын заң жобасының 126 бабы қабылданған болатын.


Жоба кен орындарында жұмыс істейтін кеншілердің жағдайының жақсартылуы, мемлекеттік төлемдердің құрылымы және мұғалім тағайындау сынды реттеулерді қамтиды.


Топтық заң жобасы қабылданғаннан кейін мәжіліс тергеудің құпиялылығында адвокаттардың құжат пен деректерге қол жеткізуіне кедергі бір баптық өзгерісті де қолға алады.


Артынан Түркия мен Әзірбайжан арасында Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі жөніндегі екі келісім-шартты бекітетін заң жобасы мен Түркия мен Иран арасында сауда келісім-шартының бекітілуін қамдайтын жоба талқыланады.


Мәжіліс 10 қыркүйек күнінен бастап 1 қазан күніне дейін демалысқа шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар