Президент Ердоған Обамамен кездесуінің егжей-тегжейін бөлісті

Ердоған Обамамен кездесуінде Түркияға қауіп төндірген параллелді құрылымға назар аударды

116677
Президент Ердоған Обамамен кездесуінің егжей-тегжейін бөлісті

Президент Режеп Таип Ердоған АҚШ президенті Барак Обамамен Уэльстегі НАТО саммитіндегі кездесуінің егжей-тегжейін журналисттермен бөлісті.
Обамамен мемлекеттің құрамында дегенмен мемлекетпен бірге қозғалмаған тұлға мен топтар ретінде танылған «параллелді құрылымды» қолға алғандарын атап көрсеткен президент Ердоған «Бізден ақпарат сұрады. Қажетті құжаттарды жібереміз» деді.
Ердоған Обамаға Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірген параллелді құрылымға назар аударуын жеткізгенін мәлімдеді.
Обаманың қажетті ақпарат пен құжатты талап еткенін айтқан президент Ердоған қолдағы барлық құжаттарды бөлісетіндерін атап көрсетті.
Ердоған АҚШ пен Түркия барлау комитеттері мен Сыртқы істер министрліктерінің тақырыппен байланысты жұмыстанатынын да атап көрсетті.
Президент Ердоған Германия канцлері Ангела Меркелмен болса Германияның Түркиядағы телефондарды тыңдағаны жөніндегі қауесеттерді қолға алғандарын білдірді.
Екі ел арасында барлау топтарының тыңдаулармен байланысты кездесетінін атап айтқан Ердоған Меркелдің де тақырыпты жақыннан қадағалайтынын жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар