Президент НАТО-да сөз сөйледі

Ердоған Ауғанстан, Қырым, Сирия және Иракта басылуы керек қадамдарды айтты.

115135
Президент НАТО-да сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО саммитінде Түркияның өз аймағындағы мәселелерге байланысты ұстанымын тілге тиек етті.


Ердоған Ауғанстан, Қырым, Сирия және Иракта басылуы керек қадамдарды айтты.


Ауғанстандағы президенттік сайлау үдерісінің тез арада аяқталуын күтіп отырғандарын айтқан Ердоған ISAF күшінің мерзімі аяқталса да, ауған халқын жалғыз қалдырмайтындарын білдірді.


Ердоған НАТО-Украина комиссиясы жиналысында сөйлеген сөзінде, Украинаның саяси тәуелсіздігіне, территория тұтастығына, егемендігі мен ұлттық бірлігіне деген қолдаудың жалғасатынын атап көрсетті.


Қырымның заңсыз аннекциясын танымайтынын еске салған Ердоған Қырым татарларының құқықтарының аяққа тапталмауы, дағдарысты келісіммен шешуге бағытталған жұмыстарға қолдау беру керектігін айтты.


Түрік басшы НАТО-ның Әзірбайжанға берген уәделерін де орындауы керектігін айтып, Қарабах мәселесінің Әзірбайжанның территория тұтастығы аясында шешілуінің маңыздылығын атап көрсетті.


Оның айтуынша, Сирия және Иракта аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылыққа қатер төндірген қақтығыстарға қарсы біртұтас көзқараспен қарау керек. Ердоған Дамаск әкімшілігінің зұлымдығына көрермен боп қалу нәтижесінде аймақта хаос басталғанын айтып, осы ахуалды пайдаланған террор ұйымдарына қарсы стратегия жүргізілуі керектігін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар