НАТО саммиті жалғасуда

Президент Режеп Тайып Ердоған саммиттің екінші күні маңызды кездесулер жүргізеді.

114916
НАТО саммиті жалғасуда

НАТО-ның 26-шы мемлекет және үкімет басшылары саммиті жалғасуда.


Президент Режеп Тайып Ердоған саммиттің екінші күні маңызды кездесулер жүргізеді.


Ердоған одаққа мүше 28 ел қатысатын Солтүстік Атлант кеңесі отырысына қатысады.


Президент отырыспен қоса АҚШ президенті Барак Обама, Германия канцлері Ангела Меркел, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон және Польша президенті Бронислав Коморовскиймен оңаша жүздеседі.


Ердоған кеше НАТО-ның жаңа бас хатшысы Йенс Столтенберг, Албания премьер-министрі Эди Рама, Латвия президенті Андрис Берзиньш, Болгария президенті Росен Плевнелиев, Франция президенті Франсуа Олланд, Испания премьер-министрі Мариано Рахой және Уэльс ханзадасы Чарльзбен кездесу өткізген болатын.


Саммит аясында Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлу мен Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз да екі жақты кездесулер өткізуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар