Президент Ердоған Бакуде

Президент ретінде шетелге екінші сапарын Әзірбайжанға ұйымдастырған Ердоған Алиев тарапынан қарсы алынды.

112857
Президент Ердоған Бакуде

Режеп Тайып Ердоғанның сапарына орай президенттік сарайдың алдында әскери рәсім өткізілді.

 


Рәсімнен кейін екі президент оңаша бас қосты. Артынан Ердоған мен Алиев ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Ердоған осында сөйлеген сөзінде «НАТО саммитінде де, басқа жиналыстарда да Әзірбайжанға берілген уәделер болды. Басқа елдерге берілген уәделер қалай бірінен соң бірі орындалса, Әзірбайжанға берілген уәделердің де орындалуын сұраймыз. Бұл рақымшылық сұрау емес, бұл – құқық» деді.


Президент Ердоған Оңтүстік Кавказ газ дәлізінің іргетас қалау рәсімінің Бакуде 20 қыркүйек күні болатынын білдірді.


Ердоған осындағы сапарынан кейін НАТО саммитіне қатысу мақсатымен Уэльске аттанады.


Осы саммит аясында Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обамамен 5 қыркүйек күні бас қосады. Аталмыш жиналыс Ердоғанның президент ретінде қатысатын алғашқы халықаралық саммит болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар